Date:3.02.2015.
Form:2
Theme: Sport
Aims: a)to learn to tell adout some sports popular in our country
b)to learn to describe children`s preferences in sport
c)to educate pupils in quickness
Type of the lesson:
The plan of the lesson:
Warming up:
Goodmorning children!
Goodmorning teacher!
How are you?
I am fine thank you!
Check up home work:
Phonetic drill:
Football,Football,
I like football
Sport is great!
Skating,Skating,
I like skating
Sport is great!
Presentation:
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1.Тақтаға [ck] дыбысыны сөздер жазу.
1 group 2group
hockey duck black sock
2.Нені ұнатады нені ұнатпайтынын жазу.
I like football, but I don`t like hockey. I like skating, but I don`t like hockey.
I like basketball, but I don`t like football . I like hockey, but I don`t like skating .
3.I like… I don`t like… He/she likes… He/she doesn`t like…(сөйлемдер жазу)
1 group
She likes skating. She doesn`t like football.
He plays basketball. He doesn`t play hockey.
2 group
He plays hockey. He doesn`t play basketball.
She plays chess. She doesn`t play football.
4. SPORT
In Kazakhstan In England
Mountain climbing rugby
Cycling tennis
Boxing badminton
5.Answer the question.Сұраққа жауап беру.
1) Do you play football? Yes, I do.
2) Do you play basketball? No, I don`t
3) Do you play hockey? Yes, I do.
4) Do you play asyks? No, I don`t.
6. Draw your favourite sport. Eкі топ өздерінің ұнататын спорт суретін салады.
Giving marks:
Giving home work:
The lesson is over.
№ 5 Орта мектеп
Theme of the lesson: “Sport”
Teacher: Пұсырманова Қ.Б.
2014-2015жж
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерінің тиімділігі.
Бастауыш мектептің маңызы мен оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы жүретін ерекше құнды қайталанбайтын екендігімен анықталып негізделеді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде менің алдыма қойылған мақсат осынау дүние жүзіндегі қарым қатынас, экономика, мәдениет және тағы басқа салаларындағы маңызды орынды иеленіп тұрған тіл Ағылшын тілін оқушыларға терең әрі жан жақты үйрету, игерту.
Әрбір сабақта тиянақты, сапалы білім беру тірбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиіс. Осыны ескере отырып, әртүрлі ойын элементтерін өз сабағымда грамматикалық, мәтінді түсіндіру, оқыту, жаттығу жасаубарысында пайдаланамын. Ойын элементтері оқушылардың сөздерді дұрыс жазып, айтуға дағдыландырып және де есте сақтау қабілеттерін дамытады. Және де олардын ізденушілік қабілеттерін арттырып, тілді меңгеруге ынтасын оятады.
Шет тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып жаңа тақырыпты жақсы түсінуіне әсер етеді. Ойын арқылы балалар шет тілінде жеңіл қарым қатынас жасайды және ойын кезінде оқушылар шаршағанын сезбей әсерлене , қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіру демалдыруға ойнатса одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Ойын кезінде балалардың мінез құлқын, білімін, ой өрісін, кеңдігін анықтауға болады.Осы қасиеттер ойын кезінд қалыптасады.
Ойынның тағы бір ерекшелігі, ол сабақта оқушылардың өздерін еркін ұстауға белсендіреді. Қысылай сөйлеуіне, ойын еркін жеткізуіне жағдай туғызады, қиялын дамытады.
Ойын
Қарым қатынас. Дүниетанымын кеңейту. Ақыл ойын дамыту. Шынайылыққа тәрбиелеу. Шешім қабылдау. Құралы болып табылады. Сондықтан ойын элементтерін шет тілін үйретуде көп талаптар қойылады. Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек:
1.Белгілі бір қабілетті қалыптастыру.
2.Белгілі бір тілдік іс әрекетті дамыту.
3.Шет тілінде екінші біреумен қарым қатынас жасауға үйрету.
4.Қажетті мүмкіндік пен психикалық функцияларын дамыту.
5.Білім беру.
6.Тілдік материалдарды есте сақтау.
И.Н. Скаткин «Балалар ойынның білім беру мақсаттарын байқамай, ойын ойнап көңіл котере отырып, өзі бірнәрсені түсінуі керек» дейді.
Шет тілінде карта, лото, жұмбақтар, кроссвордтар,лингвистикалық ойындар, бөлмедегі мебельдерді орнына қою, байқаулар қою, нәрселерді сатып алу т. б. түрінде ойналады.
Шет тілін үйрету ойындарының түрлері:
1.Фонетикалық.
2.Лексико граматикалық.
3.Рөлдік ойындар.
4.Режиссерлық.
5.Орфографиялық.
Сабақтың әр этапында да ойын элементтерін пайдалануға болады. Ұйымдастыру кезінде алынатын рефмовканы айтқан кезде кім өлеңді бірінші жаттап алып айтып береді деген жарыс ойынын ұйымдастыға болады.
Шет тілдеді сөздерінің мағынасын түсіндіру үшін ғалымдар екі топқа бөлінеді. Бірі ана тілін мүлде қолданбау керек (И.Е. Анечков ) Олар шет тілін оқытуда ана тіліне сүйене отырып шет тілінде сөйлеу дағдыларына нұқсан келтіреді десе , енді біреулері (Л. Ф. Щерба, Т. Ф. Лапоногова) керісінше ана тілінде сүйене отырып оқытып ана тілінің интерференциясын азайтуға болатынын дәлелдеген. Мысалы ойын арқылы оқушыларға қазақ немесе орыс тіліндегі сөздерді ағылшын тіліндегі аудармасын табуға тапсырма ьеру арқылы осы сөздерді есте сақтауға дағдыландыруға болады. Осыған байланысты сабағымда жиі пайдаланатын «Тілмаш» ойынын алайық. Бұл ойында оқушылар екі топқа бөлініп, бірі Англиядан келген қонақтар, екіншілері тілмаштар болады. Қонақтардың айтқан сөздерін тілмаштар айтып аударып турады. Осылайша оқушылардың сөздерді дұрыс аударып айтуын дағдыландыруға болады.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану барысында оқушылар сөздерді сөйлегенде дұрыс қолдануға жаттығуы тиіс. Жаттығуларға ғалымдар мынадай талаптар қояды. Жаттығулар бірізді болуы және тіл материалы үш сатыдан өтуі қажет:
А) рецептивтік жаттығулар,ол үшін таңдау, танып білуге арналған жаттығулар
Б) жартылай репродуктивті жаттығулар, тілдік материалдарды жартылай еркін түрде қолдана және айта алуды көздейді
В) репродуктивті жаттығулар, тілдік білімді меңгерудің жоғары сатысында оқушылар өз ойын еркін айту барысында өзі алған білімін қолдануға арналған
Репродуктивті жаттығулар құрамына ойлауға, есте сақтауға, елестетуге арналған жаттығулар кіреді. Ал, рецептивті жаттығулар ойлауға, есте сақтауға, танып білуге арналған жаттығулар енгізіледі. Осыған байланысты сабақта мына ойын түрін «Қарл кезек» пайдалануға болады. Ойын тәртібі:бір оқушы бір сөйлем немесе сөз айтады , келесі оқушы сол оқушының сөйлемін немесе сөзін қайталап, оған өз сөзін, сөйлемін қосады. Мысалы:
P1 – I have got a mother
P2 – I have got a mother. Her name is Helen.
P3 – I have got a mother. Her name is Helen. She is a doctor.
P4 — …..
Осылайша жалғаса береді. Ең соңғы бала барлық оқушының сөйлемдерін шатаспай айтып шықса сол бала жеңімпаз болады.
Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей отырып оқушының жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі формада қолданылады.
1.Ойлау процесіне миына көп салмақ түсіруден.
2.Сабақты біріңғай бірсарынды жүргізуден.
3.Жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізуден.
4.Нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден.
Оқушылардың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып табылады. Ойын оқушының бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді. Іздендіруге дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ағылшын тілін оқытуда мынадай мақсаттарды қолданған тиімді:
1.Алфавитті дұрыс меңгерту.
2.Орфографияны дұрыс оқыту.
3.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
4.Лексиканы меңгерту.
5.Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, айту, білу дағдыларын қалыптастыру.
Өзім сабақ беретін бастауыш сыныптарда оқушының тілдік материалдарын меңгерту мақсатында сабақ барысында пайдаланған кейбір ойын түрлеріне тоқталып өтейін.
«Жоғалған әріп» Бұл ойында бос торкөздердің орнына керекті әрәпті қойып сөздерді толықтыру. Қолдану кезеңі бастауыш сыныптар алфавитті кезеңінде қолданады.
«Сиқырлы тізбек» Оиын тәртібінде бір сөз айтылады, сол сөздің соңғы әріпіне келесі оқушы сөз ойлап табу керек. Ойын осылайша жалғаса береді.Мысалы:cat,tag,game,elephant,ten,….
«Домино» ойыны. Бұл ойында жеке-жеке үлестірмелі қағаздардың бір жағына ағылшын сөзі жазылады,келесі жағына басқа сөздің қазқшасы жазылады. Мысалы: Үлестірмелі қағаздар 1ші жағы apple деген сөз, 2ші жағы апельсин деген сөз болсын. Оқушы алып оқиды «апельсин» сөзінің аудармасын тапқан оқушының қаңазындағы екінші жағын оқиды,мысалға ол сөз «алма» сөзі болсын, ал қалған оқушылар өздерінің қағаздарынан сол сөздің аудармасын іздей бастайды.Ойын осылайша жалғаса береді.Ойын мақсаты:сөздердің айтылуын, аудармасын тексеру.
«Інісін ата» ойыны. Ойында доп қолданылады. Мұғалім допты кез келген балаға әріпті атап лақтырады, допты қағып алған бала ол әріптің шығаратын дыбысын айту керек. Ойынның мақсаты: балалардың әріптер мен дыбыстарды ажырата алуын байқау, дыбыстардың дұрыс айтылуын бақылау.
«Мамамның сөмкесі» ойыны. Ойын барысында мұғалім : «Балалар бүгін Дәуреннің мамасы дүкенге барып, заттар сатып алыпты. Қандай заттар екенін білгілерің келе ме? Олай болса тауып көріңдер. Дәуреннің мамасы сатып алған заттардың барлығы «Tt» әріпінен басталады.»дейді. Балалар «Tt» әріпінен басталатын сөздерді айта бастайды.Мысалы: toys, toy-tiger, T-shirt, tie…. Ойын мақсаты балалардың сөздік қорларын молайту.
«Мен айтқанды айт» ойыны. Ойын тәртібі: балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ортада. Мұғалім қолында доп. Мұғалім кез келген балаға допты лақтыру барысында кез келген сөзді айтып қалады.Допты қағып алған оқушы мұғалім сөзін қайталайды.
«Не жоғалды?» Бұл ойында әр тақырыпқа байланысты ыңғайлап алуға болады. Мысалы: «ойыншықтар» тақырыбын өтіп болғанда айтуға болады. Ойыншықтарды тақта алдына тізіп қоямыз. Мұғалім:- Clouse your eyes. Деп айтады да кез келген ойыншықты тығып қояды.Содан соң мұғалім балаларға бұрылып:- open your eyes and what toys are missing?деп сұрақ қояды. Жоғалған ойыншықты тапқан бала ойынды жалғастырады.
«Мұғалім және оқушы»ойыны. Мұғалім орнындағы оқушы қолындағы карточкідегі суретті көсетіп сұрақ қояды. Келесі бала жауап береді. Осылайша орындары алмаса береді. Бұл ойында жақсы оқитын оқушы мен нашарлау оқитын оқушы ойнаған дұрыс.
«Заттардың тұрған жерін есте сақтап, оларды ағылшынша атап бер» ойыны. Бұл ойында заттар немемсе суреттер тақта алдына қойылып немесе ілініп қойылады. Оқушыларға көрсетіледі де тақта жабылады. Оқушылар көріп алған сурет немесе заттарын есте сақтап алып,оларды ағылшынша ретімен айтып шығу керек.
« Суретті жина» Бұл ойында сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа конверт беріледі. Конверт ішінде суреттің бірнеше бөлігі болады. Балалар сол суреттерді жинастырып,оларға сипаттама беру керек. Сипаттамалар мына структуралар арқылы жүзеге асады: This is… She has got… He has got… It is blue, red.
«Жануарлардың атын тап» ойыны. Адасқан әріптерден жануарлар атынын дұрыс жазылуын табады.
G o d (dog), n o i l ( lion), g e r t i (tiger), n o m e k y (monkey), s o h r e (horse), o m u s e (mouse), t a r (rat), t a g (cat), b e z r a ( zebra)
«Көңілді суретшілер» ойынында тақтаға бір оқушы шығады. Қалғандары оған команда беріп отырады. Тақтаға шыққан оқушының көзі байлаулы болады. Отырған оқушылар оған:- Draw a head, please. Draw a body, please. Draw a tail, please. Etc.
«Үй және жабайы жануарлар» Бұл ойында мұғалім балаларға үй және жабайы жануарлардың суреттерін араластырып көрсетеді. Оқушылар сол кезде үй жануары болса бір рет шапалақтап, ал жабайы жануар болса екі рет шапалақтап отыру керек.
«Алфавит» ойыны. Мақсаты әріптерді араластырып, алфавит ретімен жинау.
«Себеттерге жемістерді жина» бұл ойында артикльдерді қайталау. Екі себет алынады,оның сырттарына артикльдер жазылады.Оқушылар жемістерді атын атай отырып жинайды. Мысалы:
A An
Tomato Apple
Pear Onion
Banana Orange
Grape Apricot
«Полиглот» Оқушылар жұмбақтар жасырып, шешуін тауып, орыс тілі мен ағылшын тіліне аударады.
Өткен сабақтарды қайталау барысында есте сақтау үшін, ребус, кроссвордшешуге болады.
Сан есімдерді өткен кезде «сиқырлы сандардан» сөздер құрауға болады. Мысалы: 10 nis — tennis
H 1 y — honey
St 1 – stone
«Кімнің күні жарқырайды?» Сынып екә топқа бөлінеді. Тақтаға орталарында жануарлардың суреті бар екі сары дөңгелек ілінеді. Топ мүшелері біртіндеп тақтаға шығып жануарларды суреттей бастайды. Әр дұрыс сөйлем үшін күннүң бір сәулесі сызылады. Қай топтың күн сәулесі көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
«Түстерді білесің бе?» Ойында әр бала бір түстен айтып шығады: red, blue, grey, white, green,…Соңғы сөзді айтқан бала жеңімпаз. Сөздер қайталанбау қажет.
Педагогикалық ғылым таричын көз салсақ , балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Ұлы педагогтар Я. А. Коменский мен Ж. Ж. Руссо халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған . Ойынның балалардың денін сауықтыратын, ақыл ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я. А . Коменский дәріптеген. Ж. Ж. Руссоның пікірінше білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп алмасып отыруы бір бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болып табылады.
Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл өмір заңдылығы. Сондықтан да шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.